ЕКІБАСТҰЗ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ

*1956 жылғы 12 маусым, осы жылғы №217 бұйрық бойынша «екібастұз кешкі тау-кен құрылыс техникумы» құрылды.

*1965 жылы 31 тамыз күндізгі бөлім ашылды және «Екібастұз тау-кен құрылыс техникумы» болып атауы өзгертілді.

*1956 жылы 20 мамырдан бастап 1957 жылы мамыр аралығында техникум КСРО көмір өнеркәсібі кәсіпорындарының құрылыс Министрлігіне кірді.   

*1957 жылы маусымнан 1959 жылды қоса есептегенде техникум Қарағанды совнархозына тікелей бағынышты болды.

*1960 жылдан бастап 1973 жылы 1 қаңтарға дейін техникум Қазақ  КСРО жоғары және орта арнайы білім беру министрлігіне жауапты болды.

*1973 жылы 22 қаңтарда техникум КСРО көмір өнеркәсібі кәсіпорындарының құрылыс Министрлігінің құрамына енді және Екібастұз тау-кен техникумы болып аталды.

*1982 жылы халық шаруашылына мамандар дайындауда үлкен жетістікке жеткені үшін  РСФСР Жоғары Кеңесі Президумының мақтау грамотасымен және КСРО Министрлер Кеңесінің естелік белгісімен марапатталды.

*1988 жылы 1 қаңтарда техникум «Екібастұз көмір» өндірістік бірлестігінің құрамына берілді.

*1991 жылы 14 желтоқсанда техникум Қазақстан Республикасы білім министрлігінің құрамына өтті.   

* 1995-1996 оқу жылының басында техникумның күндізгі бөлімінде барлық мамандықтар бойынша 793 оқушы, сырттай бөлімде -300 оқушы білім алды. 

*1997 жылғы 8 мамырдағы бұйрықпен, қазақстан Республикасы үкіметінің үкімі негізінде  техникум Екібастұз аймақтық колледжі болып қайта ұйымдастырылды.

*1999 жылы 1 желтоқсанда Облыс әкімінің жарлығы бойынша Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасы «Екібастұз политехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны  статусын  алды.