Жастар – елдің ертеңгі тірегі. Сондықтан Елбасы оларға үлкен үміт артып, биылғы жылды Жастар жылы деп жариялады.
Осы ретте, өскелең ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында 2019 жылғы 1 қыркүйек күні «1 қыркүйек – Білім күні» мерекесіне орай Екібастұз политехникалық колледжінде бірыңғай «Адалдық сағаты» ұйымдастырылды.
«Адалдық сағатында» өскелең ұрпаққа адалдық және парасаттылық құндылықтары, сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарлары, олардың алдын алу бойынша еліміздің жеткен жетістіктері кеңінен түсіндірілді.